The Best FIFA Football Awards 2024 сыйлықтарының барлық иегерлері анықталды
Доха қаласында (Қатар астанасы) ФИФА-ның 2024 жылғы үздік футболшылар мен футболшыларға арналған сыйлықтар табысталды. Сыйлықтар The Best FIFA Football Awards деп аталады. Биылғы жылы
10 жеке награда табысталды:
FIFA Men's Player 2024 — ерлер арасындағы үздік ойыншы: Винисиус Жуниор (Бразилия, "Реал" Мадрид)
FIFA Men's Coach 2024 — ерлер командаларының үздік бапкері: Карло Анчелотти (Италия, "Реал" Мадрид)
FIFA Men's Goalkeeper 2024 — ерлер арасындағы үздік қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, "Астон Вилла")
FIFA Puskas Award 2024 — ерлер арасындағы үздік гол: Алехандро Гарначо (Аргентина, "Манчестер Юнайтед"), "Манчестер Юнайтед" пен "Эвертон" арасындағы матч
FIFA Fan Award 2024 — үздік жанкүйер: Гильерме Гандра Моура (Бразилия)
FIFA Fair Play Award 2024 — адал ойын үшін сыйлық: Тиаго Майя (Бразилия)
FIFA Women's Player 2024 — әйелдер арасындағы үздік ойыншы: Айтана Бонмати (Испания, "Барселона")
FIFA Women's Coach 2024 — әйелдер командаларының үздік бапкері: Эмма Хейз (Англия, "Челси" / АҚШ құрамасы)
FIFA Women's Goalkeeper 2024 — әйелдер арасындағы үздік қақпашы: Алисса Нае (АҚШ, "Чикаго Ред Старс")
FIFA Marta Award 2024 — әйелдер арасындағы үздік гол: Марта (Бразилия), Бразилия мен Ямайка арасындағы матч
Сонымен қатар, 2024 жылғы ерлер мен әйелдер арасындағы символдық құрамалар да жарияланды.