Карло Анчелотти Бразилия құрамасындағы болашағын анықтады
Карло Анчелотти Мадридтің «Реалынан» кетіп, 2025 жылдың мамырында Бразилия құрамасының тізгінін қолға алады және қазір «селесао»-ны 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындап жатыр.
Diario AS-тың мәліметі бойынша, италиялық бапкер Бразилиямен жұмысын жалғастыруға дайын. Жақын күндері ол келісімшартын бес жылға ұзартуға қол қояды, бұл оған 2030 жылға дейін құрама тізгінін ұстауға мүмкіндік береді.
Ол сондай-ақ әлемдегі ұлттық құрама бапкерлерінің ішінде ең жоғары жалақы алатын маман болып қала береді.
Анчелотти ұлттық құраманы биылғы мамырда қабылдап, бас бапкер ретінде сегіз ойын өткізіп үлгерді: төртеуінде жеңіске жетіп, екі матчта тең ойнады және екі рет жеңіліс тапты.
Бразилия 2026 жылғы әлем чемпионатында C тобына түседі, қарсыластары — Марокко, Гаити және Шотландия.
Бұған дейін италиялық маман «Реалдың» өткен маусымдағы сәтсіздігінің себебін атаған болатын.