«Бұл бізге титулдардан айырылуға себеп болды»: Анчелотти «Реалдың» өткен маусымдағы сәтсіздігінің себебін атады
Мадридтік «Реалдың» бұрынғы бас бапкері Карло Анчелотти командасының өткен маусымдағы сәтсіз ойындарының себебін атады. «Патшалық клуб» тек УЕФА Суперкубогын және Интерконтинентальды кубокты жеңіп алды, ал «Барселонаға» қарсы барлық матчта жеңілді.
«Былай болды: біз негізгі құрамдағы барлық дерлік қорғаушылардан айырылдық. Карвахаль мен Милитау қатардан шығып қалды, ал Рюдигер жарақатымен ойнады. Академиядан келген Ансесионы жақсы жағынан көрсете алғаны қуантады.
Вальверде мен Тчуамениге қорғаныста ойнауға тура келді, бұл ортадағы сапаның төмендеуіне әкелді. Қорғаныста сенімділіктен айырылдық — және бұл бізге титулдардан айырылуға себеп болды», – деді маман AS басылымына берген сұхбатында.
Сәтсіз маусымнан кейін Анчелотти Бразилия құрамасының тізгінін ұстады. Оның орнына Хаби Алонсо келді, ал оның басшылығымен «Реал» Ла Лига турнир кестесінде көш бастап тұр.