locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кайседо неліктен «Челсиді» таңдағанын, ал «Арсеналды» емес екенін түсіндірді

Оның айтуынша, ол «Арсеналға» ауысуға жақын болған
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

«Челсидің» тірек жартылай қорғаушысы Мойзес Кайседо Daily Mail басылымына берген сұхбатында неге Лондонның көк командасын таңдағанын түсіндірді.

«Мен «Арсеналға» ауысуға өте жақын болдым, бірақ қазір мен «Челсидемін» және бұл мені қатты қуантады. Мен «Челси» мені шақырғанын күттім. Көптеген адамдар менің таңдауымды күлкіге айналдырды, бірақ кейде жаңа клубқа бейімделуге футболшыға уақыт керек екенін түсіну керек», – деді Кайседо.

Одан сондай-ақ «Челси» «Арсеналды» тоқтата ала ма деп сұрады.

«Неге тоқтата алмасқа? Олар жақсы өнер көрсетуде, бірақ бізбен әлі ойнаған жоқ», – деп жауап берді ол.

30 қарашада АПЛ аясында «Челси» мен «Арсенал» өзара кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie