«Арсенал» «Челсимен» өткен матчтан кейін жазаға тартылуы мүмкін. Мәселе неде?
Алаңдағы тәртіп бұзушылықтар «канонирлердің» қалтасына әсер етуі ықтимал
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Премьер-лиганың соңғы турында «Арсенал» басты бәсекелестерінен ұзап кете алмады, «Челсимен» 1:1 есебімен тең түсті. Ойын қорытындысы бойынша «канонирлер» Футбол қауымдастығынан қиындықтарға тап болуы мүмкін.
«Челсимен» өткен кездесуде Микель Артета шәкірттерінің алтауы төреші Энтони Тейлордан ескерту алды: Мартин Субименди, Кристиан Москера, Рикардо Калафьори, Пьеро Инкапье, Майлз Льюис-Скелли және Виктор Дьекереш.
talkSPORT мәліметінше, Футбол қауымдастығының ережесіне сәйкес, бір матчта алты немесе одан да көп ескерту алған әр клубқа 30 мың еуро көлемінде айыппұл салынады. Бұл айыппұлды «Арсенал» да төлеуге мәжбүр болады.