«Кайрат» - «Каспий» - 3:0. Зарияның дублі мен Сәтпаевтың голы. Голдар және матчқа бейнешолу
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ФК Қайрат
12 сәуірде Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында алматылық «Қайрат» пен ақтаулық «Каспий» (3:0) командалары арасында ойын өтті.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ойын Георгий Зарияның жылдам голымен басталды - тоғызыншы минутта ол 11 метрлік допты голға айналдырды. Ал матчтың бірінші таймының соңында пенальтиден дубль жасады. Ойынның соңғы голын 16 жастағы Дастан Сәтпаев соқты. Жас дарын айып алаңының сыртынан допты қақпаға бағыттады. Бұл футболшының Қазақстан Кубогындағы дебюттік голы болды.
Қарсыластарын жеңген алматылықтар кубоктың ширек финалына жолдама алып, «Ордабасы» - «Хан-Тәңірі» кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстан Кубогы. 1/8 финал. 12 сәуір
«Кайрат» - «Каспий» - 3:0
Голдар: Зария, 9 (пенальти), 45 (пенальти), Сатпаев, 53.
Матчқа бейнешолу: