Қызыл қағаз кедергі емес. Барселона он адаммен Бенфикадан айласын асырды
Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы “Бенфика” мен “Барселона” арасындағы текетірестің алғашқы ойыны аяқталды.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ойын “Барселона” үшін қиын басталды - қонақтар 22-минутта бір адамнан айырылды. Пау Кубарси Вангелис Павлидиске соңғы үміт фолын жасап, алаңнан қуылды. Бірақ 10 ойыншымен ойнау каталондықтардың ойынына айтарлықтай әсер еткен жоқ, олар Рафиньяның арқасында 61-минутта гол соқты. Бұл матчтағы жалғыз гол болды. “Бенфика” да гол соғуға тырысты, бірақ Щенсны 8 рет сейв жасап, қақпасын “құрғақ” сақтады.
Осылайша, он ойыншымен “Барселона” сырт алаңда “Бенфиканы” жеңіп, 11 наурызда “Монтжуикте” өтетін қарымта ойын алдында басымдылыққа ие болды.
Чемпиондар лигасы. 1/8 финал. 6 наурыз
Бенфика (Португалия) - Барселона (Испания) - 0:1
Гол: Рафинья, 61.
Қызыл қағаз: Кубарси, 22 (Барселона).
