ФОТО. Тағы да қызыл қағаз. Кубарси Бенфикаға қарсы ойында алаңнан қуылды
Бүгін, 6 наурыз күні түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы “Бенфика” мен “Барселона” арасындағы текетірестің алғашқы ойыны өтуде.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
22-минутта “Барселонаның” 18 жастағы орталық қорғаушысы Пау Кубарси Вангелис Павлидисті шалып құлатып, алаңнан қуылды. Каталондықтар ойынды бір адамсыз жалғастыруға мәжбүр.
Еске салайық, өткен маусымда “Барселона” “ПСЖ-ға” қарсы ширек финалдық қарымта ойында да азшылықта қалған болатын. Ол кезде 29-минутта орталық қорғаушы Рональд Араухо қызыл қағаз алды. Ол матч каталондықтар үшін еурокубоктағы соңғысы болды. Олар 1:4 есебімен жеңіліп, текетірестің жалпы есебі 4:6 болған.
