locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Иван Свиридов: Кенжебектің көп табыс табу керектігі жайлы айтқанын ешқашан естімеппін

ФОТО: KFF

«Елімай» шабуылшысы Иван Свиридов Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан жастар құрамасындағы серіктесі Ғалымжан Кенжебек пен оның Словакия чемпионатына ауысуы туралы айтты.

— Кенжебектің Словакияға кеткені сен үшін күтпеген жаңалық болды ма?

— Ол әрқашан Еуропада жоғары деңгейде ойнауды армандады. Біз жиі жиналып, әңгімелесетінбіз, бірақ оның ақша туралы, көп табыс табу керектігі жайлы айтқанын ешқашан естімеппін. Оның мақсаты – Еуропада ойнау еді. Әрине, "Топ-5" лигалар туралы айтатын, бірақ жолын Словакиядан бастады. Сондықтан оның бұл қадамы мен үшін таңғаларлық болмады.

10 қазан 2024 жылы Еуро U21 іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Испанияға қарсы ойнап (3:4), 1:4 есебімен жеңіліп тұрып, камбэк жасауға шақ қалған еді. Сол ойында Ғалымжан да, Иван да негізгі құрамда алаңға шықты.

— Жалпы, Испаниямен болған матч туралы не айтасың?

— Оның басты мақсаты – Еуропада ойнау. Себебі ол жақта инфрақұрылым мықтырақ, ал футболшы ретінде жетілуге мүмкіндік көп. Менің оған айтар тілегім – тұрақты ойын тәжірибесі жинау. Қазір қарап жүрмін, ол көбіне ойынға қосалқы құрамнан шығады. Бірақ негізгі құрамда тұрақты ойнағанда ғана сенімділік артып, ойыншы ретінде шыңдала түсесің.

Иван Свиридов 2023 жылы Молдованың "Шериф" клубына ауысуға жақын болғанын да атап өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie