Италия - Германия - 1:2. Клейндиенсттің алаңға шыға салысымен салған голы! Голдар және матчқа бейнешолу
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Бүгін түнде УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалында Италия мен Германия құрамалары арасында ойын өтті.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Матчтың 9-минутында Сандро Тонали керек уақытта керек жерде болып, допты қақпаға салды. Екінші таймның басында Нагельсманн дұрыс ауыстыру жасады. Тим Кляйндинст алаңға кірген бойда есепті теңестірді. Матчтың 77-минутында бұрыштама добын Леон Горецка баспен бағыттап, командасын алға шығарды.
Осылайша Германия ширек финалдағы алғашқы ойында Италияны жігерлі түрде жеңді.
Ұлттар лигасы. Ширек финал. 21 наурыз
Италия - Германия - 1:2
Матчқа бейнешолу: