locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арсеналға маңызды ойындар алдында дабыл: Калафьори тізе жарақатын алды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Арсеналға маңызды ойындар алдында дабыл: Калафьори тізе жарақатын алды
ФОТО: Getty images

Италия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалындағы алғашқы ойында Германиядан 1:2 есебімен жеңіліп, қиындыққа тап болды. Алайда, жеңіліс жалғыз мәселе емес: матч соңында команда негізгі ойыншыларының бірінен айырылып қалды.

“Арсеналдың” сол қапталдағы қорғаушысы Риккардо Калафьори тізе жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ол бір сәтте тайып, тізесіне сәтсіз құлап түскен.

Италия құрамасының бас бапкері Лучано Спаллетти ойыннан кейін жағдайдың нақты емес екенін айтты.

“Қазірше біз нақты ештеңе білмейміз. Рикки тізесі ауыратынын айтты, бірақ диагноз әлі қойылған жоқ”, – деді Спаллетти.

Германияға қарсы жауапты матч 23 наурыз күні өтеді, және Калафьоридің алаңға шығуы белгісіз күйде қалып отыр. Одан да маңыздысы - бұл жарақат оның 8 сәуірге жоспарланған Чемпиондар лигасының ширек финалындағы “Реалға” қарсы кездесуіне қатысуына кедергі келтіруі мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie