Испаниялық вундеркинд: Ямаль тағы бір рекорд орнатты
Испания құрамасының жас жұлдызы Ламин Ямаль Ұлттар лигасының тарихында ең жас гол соққан ойыншы атанды.
Бұл рекорд 23-нен 24-ші наурызға қараған түні Нидерландпен өткен ширек финалдық матчта орнады.
Қосымша уақыттың бірінші таймының соңында Ямаль Испанияны алға шығарды, бірақ негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталғаннан кейін, 109-минутта Нидерланд жартылай қорғаушысы Хави Симонс пенальтиден таразы басын теңестірді.
Пенальти сериясында Дониэлл Мален өз мүмкіндігін пайдалана алмады, ал «Барселона» жартылай қорғаушысы Педри соңғы соққыны дәл бағыттап, Испанияға 5:4 есебімен жеңіс сыйлады.
Осылайша, Луис де ла Фуэнте баптайтын Испания құрамасы жартылай финалға шығып, Франциямен кездеседі.
Ламин Ямал бұл жетістікті 17 жас 253 күндік шағында бағындырып, 2022 жылы Чехияға қарсы ойында 17 жас 304 күнде гол соққан Гавидің рекордын жаңартты.
Ұлттар лигасындағы ең жас гол авторлары:
- 17 жас 253 күн – Ламин Ямаль (Испания) vs Нидерланды, 24.03.2025
- 17 жас 304 күн – Гави (Испания) vs Чехия, 05.06.2022
- 17 жас 311 күн – Ансу Фати (Испания) vs Украина, 06.09.2020
- 17 жас 346 күн – Джеймс Сканлон (Гибралтар) vs Лихтенштейн, 08.09.2024
- 18 жас 104 күн – Жереми Доку (Бельгия) vs Исландия, 08.09.2020
- 18 жас 221 күн – Вильфрид Гнонто (Италия) vs Германия, 14.06.2022
- 18 жас 248 күн – Андре Тджей Де Барр (Гибралтар) vs Армения, 16.11.2018
- 18 жас 253 күн – Винсент Тиль (Люксембург) vs Сан-Марино, 15.10.2018
- 18 жас 254 күн – Еркебұлан Сейдахмет (Қазақстан) vs Андорра, 16.10.2018
- 18 жас 356 күн – Марин Петков (Болгария) vs Гибралтар, 23.09.2022
- 19 жас 8 күн – Георгий Чакветадзе (Грузия) vs Қазақстан, 06.09.2018