Испания футбол федерациясы Ламин Ямальдың жарақатына қатысты мәлімдеме жасады
«Барселона» шабуылшысы ұлттық құрамадан шығып, 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеу матчтарын өткізіп алады
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ФК Барселона
Испанияның корольдік футбол федерациясы (RFEF) ресми түрде хабарлады: Ламин Ямаль алдағы әлем чемпионаты–2026 іріктеу кезеңіндегі Грузия және Болгарияға қарсы ойындарға қатыса алмайды.
Мәлімдемеде айтылғандай, 2 қазан күні федерацияның медициналық штабы футболшының жағдайы туралы ақпарат сұратқан. Келесі күні таңертең «Барселона» Ямальдың жамбас тұсында жайсыздық сезінгенін хабарлады. Бұл дерек ұлттық құрамаға шақырылған футболшылардың тізімі жарияланғаннан кейін белгілі болды.
Федерация атап өткендей, ойыншыны құрама сапынан босату шешімі толық сауығуына жағдай жасау мақсатында қабылданды. Бұған дейін клуб оның қатарға оралуына шамамен екі-үш апта қажет болатынын мәлімдеген еді.