Ислам Чесноковқа Шотландиядан ұсыныс болған жоқ
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық шабуылшы Ислам Чесноков шотландиялық "Хартс" клубынан ресми ұсыныс алмаған.
Aladop.kz порталының хабарлауынша, британдық команданың ойыншыға деген қызығушылығы туралы ақпарат расталмады. Бұл туралы футболшының агенті Ярослав Зварич мәлімдеді.
Айта кету керек, бұған дейін Чесноковтың өкілі келіссөздердің жүргізілгенін растаған болатын. Edinburgh News басылымына берген сұхбатында Зварич "Хартс» "клубының шынайы қызығушылығы бар екенін айтқан еді.