Өміртаев Ақтөбеде қаралымда жүр
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: КФФ
26 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев "Ақтөбенің" құрамында қаралымнан өтуде, деп хабарлайды "қызыл-ақтардың" баспасөз қызметі.
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев Түркиядағы "Ақтөбе" командасының оқу-жаттығу лагеріне қосылды. 26 жастағы форвард өткен жылы Беларусь чемпионатында өнер көрсетті. "Слуцк" және "БАТЭ" командаларында 27 матч өткізіп, 10 гол соққан.
Өміртаев бұған дейін Қарағандының "Шахтер", "Шахтер-Булат", "Тобол", "Ақжайық", "Атырау" командаларында, сондай-ақ Беларусьтің "Слуцк" және "БАТЭ" клубтарында ойнаған.
"Ақтөбе" өткен маусымда 43 ұпай жинап, КПЛ-да 3-орынға ие болды.