locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ішкі қақтығыс па, әлде жоспарлы ротация ма? Нөсербаев «Ордабасыдан» кетеді

Шымкенттік клубтың спорт директоры жанжалдың ортасында қалды – оның команддағы болашағы шешілді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Ішкі қақтығыс па, әлде жоспарлы ротация ма? Нөсербаев «Ордабасыдан» кетеді
ФОТО: ФК Ордабасы

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Танат Нөсербаев шымкенттік «Ордабасының» спорт директоры қызметінен кетуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды телеграм-арна «Серый CARDINAL».

Дереккөздің мәліметінше, алдағы уақытта клуб функционермен серіктестікті тоқтату туралы ресми түрде жариялайтын болады. Еске салайық, Нөсербаев спорт директоры қызметіне биылғы жылдың шілде айында тағайындалған еді.

Танат Нөсербаев – шымкент футболының түлегі, мансабында «Астана», «Тобыл» және екі мәрте «Ордабасы» сапында ойнаған.

Дереккөздерге сүйенсек, оның кетуіне қатысты шешім ішкі қақтығыспен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдай 2025 жылдың тамыз айының басында «Атыраумен» өткен және 2:2 есебімен тең аяқталған матчтан кейін туындаған. Ойын алдында Нөсербаев бас бапкер Андрей Мартинге кейбір футболшылардың әдейі ойынды «беріп жіберуі» мүмкін екенін жеткізген көрінеді. Бұл жағдай команда ішінде шиеленіс туғызып, функционердің клубтағы алдағы тағдырына әсер еткен деп болжануда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie