«Интердің» қателігін пайдаланды. «Наполи» «Ториноны» жеңіп, А Сериясының көшін бастады
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Сәуірдің 27-нен 28-іне қараған түні А Сериясының 34-турының матчы өтіп, онда «Наполи» өз алаңында «Ториноны» қабылдады.
«Наполи» ойынды Скотт Мактоминейдың жылдам голымен бастады - шотландиялық ойыншы кездесудің жетінші минутында есеп ашты. Ал бірінші таймның соңында ойыншы қақпаға дәл соққымен дубль жасап, командасына жеңіс әкелді.
Осылайша, неаполитандықтар үш ұпай жинап, чемпионаттың аяқталуына төрт тур қалғанда А Сериясының жалғыз көшбасшысы атанды. Бұған дейін «Наполидің» чемпиондық бәсекедегі тікелей бәсекелесі «Интер» қате қадам жасап, «Ромадан» 0:1 есебімен ұтылып қалған еді.
А Сериясы. 34-тур. 27 сәуір
«Наполи» – «Торино» – 2:0
Голдар: Мактоминей 7, 41.
