locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Чемпиондыққа қауіп төнді: «Интер» өз алаңында «Ромадан» жеңіліс тапты

Футбол 27 сәу 2025 11:23
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: РОМА ФК

Миландық «Интер» маусымның шешуші кезеңінде ұпай жоғалтып жатыр. Италия біріншілігінің 34-туры аясында Симоне Индзаги баптайтын команда өз алаңында «Ромадан» ұтылып қалды - 0:1. Жеңіс голын 22-минутта Маттиас Суле соқты.

Бұл - «нерадзуррилердің» барлық турнирдегі қатарынан үшінші жеңілісі. Бұған дейін оларА Сериясында «Болоньядан» (0:1) ұтылып, кейін Италия кубогының жартылай финалында басты қарсыласы «Миланнан» (0:3) ойсырай жеңіліп, турнирден шығып қалған еді. Енді тағы бір сәтсіздік.

А Сериясы, 34-тур, 27 сәуір
Интер – Рома – 0:1
Гол: Суле, 22

Осы нәтиженің арқасында «Интер» 71 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. Алайда көшбасшылықты сақтап қалу қиын болуы мүмкін. Егер бүгін «Наполи» өз матчында жеңіске жетсе, неапольдік команда 74 ұпай жинап, бірінші орынға көтеріледі.

Оған қоса, «Интерді» алда тағы бір қиын сынақ күтіп тұр: 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні олар Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында сырт алаңда «Барселонамен» кездеседі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie