locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Илья Шкурин «Ақтөбемен» болған ойынды Польша Суперкубогының матчымен салыстырды

Поляк шабуылшысы қазақстандық клубпен болған кездесудің жауапкершілігі жоғары болғанын айтты
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Илья Шкурин «Ақтөбемен» болған ойынды Польша Суперкубогының матчымен салыстырды
ФОТО: ФК «Легия»

Польша Суперкубогында «Лех» клубын жеңгеннен кейін варшавалық «Легияның» шабуылшысы Илья Шкурин Еуропа лигасындағы «Ақтөбеге» қарсы өткен ойынды еске алды. Бұл туралы Legionisci.com хабарлады.

«Бізде маңызы жоғары екі ойын болды. «Ақтөбемен» болған матчпен салыстырғанда бүгін не өзгергенін айту қиын. Қазақстандықтармен болған кездесу қиын өтті, нәтижеге деген жауапкершілік көбірек болды. Польша чемпионына қарсы қонақта ойнау да оңай болмайтыны анық. Ең бастысы — жақсы нәтиже көрсетуді жалғастыру», — деді Шкурин.

Айта кетейік, алғашқы ойын 10 шілдеден 11-іне қараған түні Варшавада өтіп, 1:0 есебімен «Легияның» пайдасына аяқталған. Жауапты кездесу 17 шілдеде Ақтөбеде өтеді.

Бәрі Қазақстанда шешіледі. «Легия» – «Ақтөбе» матчының шолуы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie