locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Илкай ГЮНДОГАН: \"Мен үшін бұл көңіл көншітпейтін нәтиже\"

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Илкай ГЮНДОГАН: "Мен үшін бұл көңіл көншітпейтін нәтиже"
ФОТО: Getty Images

"Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган "Брайтонмен" өткен 2:2 есебімен аяқталған матчтан кейінгі әсерлерімен бөлісті.

-"Мен үшін бұл көңіл көншітпейтін нәтиже. Біз екі рет алға шықтық, жақсы ойын көрсеттік, бірақ жеңісті ұстап қала алмадық. Әрине, ең жоғары деңгейде де қателіктер орын алады. Екінші таймда, екінші гол жіберілгеннен кейін, біз өзімізге деген сенімділікті жоғалтқандай болдық", — деп келтіреді Гюндоганның сөзін BBC.

Еске сала кетейік, кездесудің екінші жартысында бұрыштамадан кейін доп "Сити" айып алаңында қалып, өзбекстандық қорғаушы Абдуқодир Хусановқа тиіп, бағытын өзгертіп кетті. Қақпашы кері бағытқа қозғалып үлгермей, "Брайтон" есепті теңестірді.

Қазіргі уақытта "Манчестер Сити" Англия Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie