Әйелдер Ұлттар лигасының топтық кезеңі аяқталды. Қазақстанның жағдайы қалай?
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
3 маусымда 2025 жылғы УЕФА Әйелдер Ұлттар лигасының топтық кезеңінің барлық матчтары аяқталды.
Қазақстан әйелдер құрамасы С дивизионының үшінші тобында ойнап, алты ойыннан кейін 10 ұпаймен екінші орынға шықты. Топта 16 ұпаймен Люксембург бірінші, Армения жеті ұпаймен үшінші, Лихтенштейн бір ғана ұпаймен соңғы орынға жайғасты.
Маусымның соңғы ойынында қазақстандықтар өз алаңында Люксембургтен 1:3 есебімен ұтылып, В дивизионына тікелей шығу мүмкіндігінен айырылды. Команда екінші орын алған командалар рейтингінде қалды. Қазақстан бұл тізімде бірінші орында және В лигасының екі командасының бірімен плей-офф матчтарын өткізеді. Плей-оффтың жеребе тарту рәсімі 6 маусымда Ньонда (Швейцария) өтеді, ал матчтардың өзі 22-28 қазанға жоспарланған.