Холанд тағы да тарихты жаңартты: норвегиялық голеадор бұл жолы немен таңғалдырды?
Холанд қайтадан тарих жазды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
10 қыркүйекке қараған түні Ослодағы «Уллевол» стадионында өткен әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінің алтыншы тур ойыны футбол тарихына алтын әріппен жазылды. Норвегия құрамасы Молдоваға еш мүмкіндік бермей, 11:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл кештің басты қаһарманы – Эрлинг Холанд. Жас жұлдыз бірден бес гол соғып, 21 ғасырда әлем чемпионатының еуропалық іріктеуінде алғаш рет пента-трикке қол жеткізген ойыншы атанды. ФИФА деректеріне сүйенсек, мұндай жетістік соңғы рет 1977 жылы тіркелген болатын, ол кезде аустриялық Ханс Кранкль Мальтаның қақпасына бес доп жіберген еді.
Осы сенсациялық жеңістің арқасында Норвегия 15 ұпай жинап, өз тобында көш бастады.