«Бұл - масқара»: Молдова құрамасының бапкері Норвегиядан ойсырай ұтылғаннан кейін пікір білдірді
Молдова ұлттық құрамасының бас бапкері Сергей Клещенко ЧМ-2026 іріктеу кезеңінде Норвегиядан ойсырай жеңілгеннен кейін матчқа қатысты пікірін білдірді.
Еуропалық іріктеудің алтыншы турында өткен кездесу скандинавиялықтардың пайдасына 11:1 есебімен аяқталды. Ойыннан кейін молдавиялық команданың жаттықтырушысы ашық сөйледі:
«Бұл – нағыз масқара. Бұдан артық айтатын ештеңем жоқ. Есептің өзі бәрін көрсетіп тұр. Алдағы қадамды қалай жасау керектігін шешуім керек екенін түсінемін», – деп келтіреді бапкердің сөзін Dagbladet басылымы.
Бұл жеңіс Норвегия үшін шешуші болды — команда 15 ұпай жинап, I тобының көшбасшысы атанды. Столе Сольбаккеннің шәкірттері келесі ойынын 11 қазанда Ослода Израильге қарсы өткізеді.
Ал Молдова құрамасы бес ойында да жеңіліп, 0 ұпаймен бесінші орында қалып отыр. Алдағы кездесулер: 9 қазан — Бухарестте Румынияға қарсы жолдастық матч, ал 14 қазан — Эстонияға қарсы іріктеу ойыны.