Сегізден сегіз. Норвегия 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін Италияны ойсырата жеңумен аяқтады
Холанд пен командасы әлем чемпионатына 100 пайыздық жеңіс нәтижесімен шықты
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Феноменальды Норвегия 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін Италияға қарсы жеңіспен аяқтады. Норвегия ұлттық құрамасы Англия секілді, іріктеудегі барлық матчтарын жеңіспен аяқтады.
Бірінші таймнан кейін командалар Франческо Эспозитоның голынан соң Италияның аз ғана басымдығымен үзіліске кетті.
Алайда екінші таймда норвегиялықтар бірден төрт голмен жауап берді. Эрлинг Холанд дубль иеленсе, тағы бір голды Антонио Нуса және Йорген Ларсен өз есебіне жазды.
24 ұпаймен Норвегия әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Италия 18 ұпаймен екінші орынға жайғасты және плей-оффта бақ сынайды.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі
Италия - Норвегия 1:4
Голдар: Эспозито, 11 - Нуса, 63, Холанд, 78, 80, Ларсен, 90+3