locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Химки» бапкерлік штабына қазақстандық маман қосылды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
«Химки» бапкерлік штабына қазақстандық маман қосылды
ФОТО: ҚР ҰОК

«Химки» командасының жаттықтырушылар штабына қазақстандық дене шынықтыру маман Ерлан Ибраим мен қақпашылар бапкері Александр Гутеев қосылды, деп хабарлайды футбол клубының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиев команданың бас бапкері болып тағайындалғаннан кейін бапкерлер штабында өзгерістер орын алды. Жеңіл атлетикадан Қазақстан Олимпиада құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Ерлан Ибраим команданың дене шынықтыру жөніндегі маманы атанды. Маман алматылық «Қайрат» және ресейлік «Сочи» және «Ахмат» клубтарында да жұмыс істеген.

Адиевтің командасындағы жағдай тұрақсыз – команда қаржылық дағдарысты бастан кешіруде, ал негізгі ойыншылар жаттығуға бойкот жариялауда. РПЛ-дың 24-турынан кейін «Химки» 23 ұпаймен 13-ші орында келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie