locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Химки» 2025/26 маусымында РПЛ-ден шеттетілді: команда лицензия ала алмады, бірақ орнын сақтап қалған еді

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Химки» 2025/26 маусымында РПЛ-ден шеттетілді: команда лицензия ала алмады, бірақ орнын сақтап қалған еді
ФОТО: fckhimki инстаграм парақшасынан

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев жаттықтыратын «Химки» футбол клубы Ресей футбол одағының (РФС) апелляциялық комитетінің шешімінен кейін ресми мәлімдеме жасады.

Комитет клубқа 2025/26 маусымында Ресей Премьер-Лигасына (РПЛ) қатысу үшін лицензия беруден бас тартты.

«Өкінішке қарай, келесі маусымда «Химки» Ресей Премьер-Лигасы аясындағы жарыстарға қатыса алмайды. Біз спорттық принциппен, адал күресте сақтап қалған жоғары дивизиондағы орнымыздан сырт факторлардың басым түскеніне қатты қынжыламыз. Клубтың бүкіл ұжымы жанкүйерлерін қуантуды және жақсы футбол көрсетуді жалғастыру үшін бар күшін салды, бірақ бұл жолы сыртқы жағдайлар үстем болды», - делінген клуб мәлімдемесінде.

Еске салайық, «Химки» 2024/25 жылғы маусымды 12-орынмен аяқтап, РПЛ-дегі орнын сақтап қалған еді. Алайда кейінірек клубтың келесі маусымда лигада өнер көрсетуі үшін қажетті лицензияны ала алмағаны белгілі болды. Апелляцияға қарамастан, РФС лицензиялау жөніндегі комитеті алғашқы шешімді күшінде қалдырды - «Химки» Ресей футболының жоғарғы дивизионынан тыс қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie