Дағдарыс бітті ме? Адиевтің «Химки» клубы 2025/26 маусымына қаржыландыруға кепілдік алды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ФК Химки
Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Магомед Адиев басқаратын Мәскеу облысының «Химки» клубы келесі маусымға қаржыландыруға кепілдік алды, деп хабарлайды инсайдер Иван Карпов.
Ресейлік «Автодор» мемлекеттік компаниясы клуб ағымдағы маусымның соңына дейін қарыздарының бір бөлігін өтеген жағдайда келесі маусымды қаржыландыруға кепілдік беруге дайын. Бұл жағдайда Адиевтің клубы лицензиялаудан өтіп, компания келесі маусымға қаржы бөле алады.
Магомед Адиев «Химкидің» жаттықтырушы көпіріне осы жылдың сәуір айында келді. 29 турдың қорытындысы бойынша Мәскеу облысының командасы 29 ұпай жинап, РПЛ-да 11-ші орында.
Бұған дейін маман командадағы жұмысы үшін жалақы алмайтынын айтқан болатын.