locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Here we go! «Алтын доп» иегері Каннаваро Өзбекстан құрамасымен келісімшартқа келісті

Командаға атышулы бапкер келеді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Here we go! «Алтын доп» иегері Каннаваро Өзбекстан құрамасымен келісімшартқа келісті
ФОТО: Getty Images

Фабио Каннавароның бапкер ретіндегі жетістіктері әзірге Қытайдағы жұмысымен байланысты. Еуропадағы сәтсіз кезеңнен кейін 2006 жылғы «Алтын доп» иегері қайтадан Азияға оралуды жөн көрді.

Танымал инсайдер Фабрицио Романо Каннавароның Өзбекстан ұлттық құрамасын баптауына қатысты өзінің атақты «Here we go» сөзін айтты. Итальяндық журналистің мәліметінше, оның отандасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын командамен ауызша келісімге келген. Дәл осы Каннаваро Азия құрамасын Солтүстік Америкада өтетін мундиальге бастап шығады.

Тек аздаған егжей-тегжейлер қалды, оларды 4 қазанға дейін шешу жоспарланып отыр.

Каннавароның Еуропадағы соңғы тәжірибесі Загребтің «Динамо» клубында өтті, онда небәрі төрт айдай ғана жұмыс істеді. Ал италиялық «Удинезеден» оны алты матчтан кейін-ақ жұмыстан босатты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie