«Алтын доп» иегері Өзбекстан құрамасын баптауға жақын
Фабио Каннаваро – өзбек командасының басты таңдауы
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Getty Images
Италиялық алленаторе, 2006 жылғы «Алтын доп» иегері Фабио Каннаваро Өзбекстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.
Журналистің ақпаратына сәйкес, Өзбекстан футбол қауымдастығы итальяндық маманға ресми ұсыныс жасаған.
Қазіргі таңда екі тарап арасында келіссөздер жалғасуда.
Каннавароның соңғы клубы Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасы болды.
Бұған дейін Фабио Италияның «Удинезе» және «Беневенто», Қытайдың «Гуанчжоу», «Тяньцзинь Цюаньцзянь», «Гуанчжоу Эвергранд» клубтарында және Қытай құрамасында жұмыс істеген. Азияда Каннаваро «Аль-Ахли» мен «Аль-Наср» командаларын да жаттықтырды.