Хави, Спаллетти және Консейсау «Аль-Иттихад» клубының бас бапкері лауазымына үміткер
Саудиялық «Аль-Иттихад» Лоран Блан қызметінен кеткеннен кейін оның орнына жаңа бас бапкер іздестіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Блан өз жұмысынан «Аль-Насрға» қарсы 0:2 есебімен ұтылғаннан соң кетті.
Танымал инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, клуб бас бапкер лауазымына үш үміткерді қарастыруда. Ақпарат көзінің мәліметінше, басты үміткерлер – Хави Эрнандес, Лучано Спаллетти және Сержиу Консейсау.
- Сондай-ақ оқыңыз: Дембеле немесе Ямал. Қазақстанның атынан «Алтын доп» иегерін кім және қалай таңдайды
Айта кетейік, Хави 2024 жылы «Барселонадан» кеткеннен бері жаттықтырушысыз қалды. Португалиялық маман Консейсау да «Миландағы» сәтсіз кезеңінен соң қазіргі уақытта клубсыз жүр. Ал Лучано Спаллеттидің соңғы қызмет орны — Италия құрамасы болды.
Төрт турдан кейін «Аль-Иттихад» Саудия лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.