Хамес Родригес командасымен келісімшартты бұзып, еркін агент атанды
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
33 жастағы Колумбия құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес "Райо Вальекано" клубымен келісімшартты бұзып, клубтан еркін агент ретінде кетті, деп хабарлайды белгілі журналист Фабрицио Романо өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін БАҚ-та Хамес Мексиканың "Америка" клубында карьерасын жалғастыруы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Хамес "Райо Вальекано" клубына ағымдағы маусымның басында қосылды. Осы маусымда ол испан клубының құрамында жеті ойын өткізіп, бір нәтижелі пас беріп, жалпы 205 минут алаңда болды.