locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хаби Алонсо Вальвердемен туындаған дау туралы қауесеттерге пікір білдірді

Бапкер клубтағы келіспеушіліктер жоқ екенін мәлімдеді
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Хаби Алонсо Вальвердемен туындаған дау туралы қауесеттерге пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

Чемпиондар лигасында «Қайратқа» қарсы өткен матчтан кейін (5:0) бас бапкер Хаби Алонсо мен Федерико Вальверде арасындағы жанжал туралы хабарлар тарады. Жартылай қорғаушыны әртүрлі позицияларда қолдану оны қанағаттандырмағаны айтылды.

Алайда бұл қауесеттер негізсіз болып шықты, себебі «бланкос» жаттықтырушысы олардың шындыққа жанаспайтынын айтты. Алонсо баспасөз мәслихатында ешқандай келіспеушілік жоқ екенін, ойыншылар тарапынан ондай наразылық болмағанын мәлімдеді.

«Құрамдағы бірде-бір ойыншы маған белгілі бір позицияда ойнағысы келмейтінін айтқан жоқ. Барлығы командаға қажет жерде өнер көрсетуге дайын», – деді испандық бапкер.

Бұған дейін «Реалдың» көшбасшылары Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор жанжалдың алдында тұр» деген ақпарат тараған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie