locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Григорий Бабаян «Ұлытаумен» ойын туралы: Ең бастысы үш ұпай алу

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ФК Астана

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Ұлытауға» (2:0) қарсы өткен матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Елордалық ұжым Қазақстан Премьер-лигасының 9-шы турында жезқазғандық клубты Назми Грипши мен Станислав Басмановтың голдарының арқасында 2:0 есебімен жеңген болатын.

«Қиын жағдайларда өте маңызды жеңіске жеттік. Қарсылас қызуқанды, тығыз ойнауға тырысты, бірақ бірінші таймда қақпаға соғатын төрт мүмкіндік болды. Әзірге гол соғу жағынан қиындық бар. Екінші таймда қарсыласты қыспаққа алып, маңызды жеңіске қол жеткіздік. Сондай-ақ қарсылас команданы да атап өткім келеді - турнир кестесіндегі орнына қарамастан, ұжым комбинациялық футбол ойнайды. Ойын оңай болған жоқ, бірақ ең бастысы - үш ұпай», - деді маман.

9-шы турдан кейін Бабаянның шәкірттері турнирлік кестеде 21 ұпаймен үшінші орында табан тіреді. Астаналықтарды келесі айналымда дерби күтіп тұр - олар көршілері «Жеңіспен» кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie