locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» – «Қызылжар» – 1:0. Громыконың жеңіс голы алматылықтарды көш басына шығарды. Матчқа бейнешолу

Қысым сәтіндегі шешуші соққы: Громыконың голы «Қайратты» бірінші орынға шығарды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қайрат» – «Қызылжар» – 1:0. Громыконың жеңіс голы алматылықтарды көш басына шығарды. Матчқа бейнешолу
ФОТО: kazfootball

21 маусым күні Алматыда Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясында өткен кездесуде «Қайрат» «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді.

Ойынның шешуші сәті бірінші таймда-ақ тіркелді. 31-минутта қонақтар сапындағы жартылай қорғаушы Тоқтар Жаңғылышбай тікелей қызыл қағаз алып, солтүстікқазақстандық команданы қиын жағдайда қалдырды. Бір ойыншымен артық қалған алаң иелері ойын тізгінін толық өз қолына алып, қарсы қақпаны үнемі қысымда ұстады.

Кездесудің жалғыз голы екінші таймда соғылды. 74-минутта Валерий Громыко есеп ашып, «Қайратқа» аса маңызды үш ұпай сыйлады.

Бұл жеңістің арқасында алматылық клуб ұпай санын 30-ға жеткізіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» 14 ұпаймен сегізінші орында қалды.

Матчтың бейнешолуын назарларыңызға ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie