Гарет Бэйл туған клубын сатып алуға ниетті: Уэльс аңызы «Кардифф Ситиді» басқаруға ұмтылуда
Мадридтік «Реалдың» бұрынғы жұлдызы әрі Уэльс құрамасының аңызы Гарет Бэйл туған елінің футболына жаңа қырынан оралуы мүмкін. Бұл жолы — ойын алаңында емес, клубтың басқарушы құрылымында. 35 жастағы экс-футболшы «Кардифф Ситиді» сатып алуға талпынып жатыр.
Мамыр айында Бэйл бастаған инвесторлар тобы клубтың қазіргі иесі Винсент Танға ресми хат жолдап, «Кардиффтің» бақылау пакетін сатып алуға дайын екендерін білдірген. Хатта қаржылық ұсыныс пен мәміле шарттары да көрсетілген. Алайда малайзиялық бизнесмен бұл бастамаға келісім бермей, жауапсыз қалдырған.
Егер келісім жүзеге асса, бұл оқиға валлий футболы үшін тарихи сәт болмақ. Кардиффте дүниеге келген, өз елінің мақтанышына айналған Бэйл өзінің туған қаласының басты клубын иеленіп, футболдағы жолын жаңа деңгейде жалғастырмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Гарет Бэйл Чемпионшиптен Лига 1-ге түсіп қалған «Плимут Аргайл» клубының акцияларын сатып алу жөнінде де келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.