Гарет Бэйл ағылшын клубының иесі атануы мүмкін
Мадридтік «Реалдың» және Уэльс құрамасының бұрынғы шабуылшысы Гарет Бэйл футбол әлеміне жаңа қырынан қайта оралуға жақын. The Telegraph басылымының хабарлауынша, 35 жастағы Бэйл Англияның «Плимут Аргайл» клубын сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Айта кету керек, бұл мәміле америкалық жеке инвестициялық компаниямен бірлесіп жүзеге асуы ықтимал.
Келісім сәтті аяқталған жағдайда Бэйл клубтың акционерлерінің бірі болып, директорлар кеңесіне кірмек. Бұл – ойын мансабын 2023 жылы аяқтаған футболшы үшін жаңа бетбұрыс болмақ.
1886 жылы құрылған «Плимут Аргайл» клубы ағылшын футболының терең тарихқа ие командаларының бірі болғанымен, жоғары деңгейдегі жетістіктерімен ерекшеленбейді. 2024/25 жылғы маусымда команда Чемпионшиптің турнирлік кестесінде 23-орын алып, Лига 1-ге (үшінші деңгейлі дивизион) түсіп қалды. Дегенмен, өткен маусымда «Плимут» Англия Кубогында сенсация жасап, аутсайдер бола тұра, мықты қарсыласын 1:0 есебімен жеңіп кеткен болатын.