locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Футбол қауымдастығы «Тоттенхэм» ойыншысын «Ливерпульмен» матч қорытындысы бойынша жазалады

Алайда, бұл Александр Исакқа ауыр жарақат салған ойыншы емес
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Футбол қауымдастығы «Тоттенхэм» ойыншысын «Ливерпульмен» матч қорытындысы бойынша жазалады
ФОТО: Getty Images

«Тоттенхэм» мен «Ливерпуль» арасындағы матч үлкен даумен аяқталды, себебі «шпордың» қорғаушысы Микки ван де Вен Александр Исакқа жарақат салып, бұл үшін тіпті сары қағаз да алған жоқ. Матч аяқталғаннан кейін Футбол қауымдастығы Лондонда өткен ойынның қорытындысы бойынша жазалау шараларын жариялады.

Дегенмен, жазаны ван де Вен емес, «Тоттенхэмнің» капитаны Кристиан Ромеро алатын болды. Әзірге ол Футбол қауымдастығының тергеуіндегі басты тұлға болып отыр.

«Ромеро Премьер-лига аясында сенбі, 20 желтоқсанда «Ливерпульге» қарсы өткен матч қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

93-минутта алаңнан қуылған соң ол тиісті уақытта алаңнан шықпағаны және/немесе бас төрешіге қарсы конфронтациялық және/немесе агрессивті мінез-құлық танытқаны үшін айыпталып отыр.

Ромеро өз түсініктемесін 2026 жылдың 2 қаңтарына дейін беруі тиіс», – делінген ФҚ мәлімдемесінде.

Бұған дейін ван де Вен Исактан кешірім сұрағаны белгілі болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie