Кикілжің шешілді ме? Ван де Вен Исактан алған жарақаты үшін кешірім сұрады
Бұған дейін «Тоттенхэм» мен «Ливерпуль» арасында нағыз жанжал орын алған еді
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Тоттенхэмге» қарсы ойында Александр Исак алған жарақат өте ауыр болып шықты, ал "шпордың" қорғаушысы Микки ван де Вен бұл фол үшін тіпті сары карточка да алмады. Бұл жағдай "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" арасындағы шиеленісті күшейтіп, оқиғаның басты кейіпкері оны реттеуге шешім қабылдады.
Daily Mail хабарлауынша, ван де Вен Исакқа қоңырау шалып, швед шабуылшысын ұзақ уақытқа алаңнан тыс қалдырған дөрекі фолы үшін кешірім сұрады өте ұзақ уақытқа. Алайда, "Ливерпульдің" шабуылшысы кешірім сұрауды қабылдады ма, белгісіз болып отыр.
Бұған дейін "Ливерпульдің" бас бапкері Арне Слот ван де Веннің әрекетіне ашуын білдірсе, ал оның бапкері Томас Франк өз ойыншысын қорғап, бұл әрекет әдейі жасалмағанын айтқан болатын.