Футбол ардагері «Қайраттың» мүмкіндіктері туралы: Алматыда бәрі мүмкін
Қазақстандық футболдың ардагері Юсуп Шадиев алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойынына қатысты өз үміттерін бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.
Маманның айтуынша, сырт алаңда ұпай жинау өте қиын болмақ, себебі қарсыластардың деңгейі әлдеқайда жоғары. Алайда өз алаңында, гректің «Олимпиакосы» мен бельгиялық «Брюгге» командаларына қарсы кездесулерде табысқа жету мүмкіндігі бар.
«Ашығын айтқанда, сырт алаңда ұпай алу оңай болмайды — қарсыластар мықты. Бірақ Алматыда «Қайраттың» күрес көрсетуге барлық мүмкіндігі бар. «Олимпиакос» та, «Брюгге» де алғашқы турларда ерекше ештеңе көрсеткен жоқ. КПЛ маусымы аяқталған соң команда толықтай Чемпиондар лигасына көңіл бөле алады және әр қарсыласқа арнайы дайындалады», — деді Шадиев.
Алматылықтар келесі еурокубок кездесуін 6 қарашада — сырт алаңда Италияның «Интеріне» қарсы өткізеді.
Топтық кезеңдегі үш турдан кейін «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында ұпай еншіледі — кипрлік «Пафоспен» тең ойнады (0:0). Бұл нәтиже клубқа турнирдің 36 қатысушысының ішінде 34-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.