«Қайрат» ЧЛ-дағы алғашқы ұпайынан кейін нешінші орында тұр?
Қайрат» «Пафоспен» тең ойнап, топтағы соңғы орнынан көтерілді
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Алматы тв
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі үшінші турдан кейін алматылық «Қайрат» үшін жағдай біршама түзелді. Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда тарихында алғаш рет бұл деңгейде ұпай жинап, Кипрдің «Пафосымен» өткен кездесуде (0:0) тең түсті және турнир кестесіндегі соңғы орнынан көтерілді.
Қазір команда 36 клубтың ішінде 33-орында келеді. Бұған дейін «Қайрат» турнир кестесінің ең соңында тұрған еді: алғашқы турда португалиялық «Спортингке» (1:4) жол беріп, екінші турда мадридтік «Реалдан» (0:5) ірі есеппен ұтылған болатын.
Енді алматылықтар келесі ойынын 6 қараша күні ЧЛ аясында миландық «Интерге» қарсы өткізеді.