locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Френки де Йонг «Барселонада» қалады: келісімшарт 2029 жылға дейін ұзартылды

Каталондық клуб негізгі жартылай қорғаушылардың бірін ұзақ мерзімге сақтап қалды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ФК Барселона

Нидерланды құрамасының жартылай қорғаушысы Френки де Йонг ресми түрде «Барселонамен» келісімшартын 2029 жылдың жазыңа дейін ұзартты.

Де Йонг «блаугранас» сапына 2019 жылы «Аякстан» ауысып келді. Содан бері 28 жастағы футболшы команда үшін аса маңызды ойыншыға айналып, Ла Лигада 183 матч өткізіп, 14 гол және 16 нәтижелі паспен көзге түсті. Осы уақыт ішінде ол «Барселонаға» екі рет Испания чемпионы атануға, сондай-ақ ел кубогы мен суперкубогын үш мәрте жеңіп алуға көмектесті.

Өткен маусымда нидерландиялық хавбек барлық турнирде 46 ойынға қатысып, екі гол және екі нәтижелі пас жасады.

Сонымен қатар, «Монако» «Барселонадан» Фатидің келісімшартын сатып алуға асықпай отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie