locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фото. УЕФА «Қайрат» алғаш рет ойнайтын топтық кезеңнің добын көрсетті

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне арналған ресми добын таныстырды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Фото. УЕФА «Қайрат» алғаш рет ойнайтын топтық кезеңнің добын көрсетті
ФОТО: Қайрат ФК

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне арналған ресми добын таныстырды. Енді тарихта тұңғыш рет топтық кезеңінде бақ сынайтын алматылық «Қайрат» үшін бұл – ерекше сәт. Турнирдің басты нышаны саналатын ресми доптың дизайнын ұйымның баспасөз қызметі таныстырды. Әдеттегідей жарқын әрі мән-мағыналы өрнектерімен көз тартатын бұл доп жаңа маусымның әрбір ойынына арқау болмақ.

Топтық кезеңнің жеребесі 28 тамыз күні Астана уақытымен 21:00-де Монакода өтеді. Дәл осы сәт Қазақстанға қай алып клубтардың келетінін анықтайды.

«Қайрат» үшін бұл оқиғаның салмағы айрықша. Алматы клубы тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұған дейінгі іріктеу кезеңдерінде команда Словенияның «Олимпиясын», Финляндияның КуПС-ын, Словакияның «Слованын» және Шотландияның атақты «Селтигін» жарыс жолынан шығарды.

Фото: Uefa
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie