Чемпиондар Лигасының жеребесі: «Қайрат» қарсыластарын қашан және қайда біледі?
28 тамыз күні УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне арналған тарихи жеребе тарту рәсімі өтеді. Бұл мәртебелі рәсімге алғаш рет алматылық «Қайрат» қатыспақ.
Ережеге сәйкес, 36 клуб төрт себетке бөлініп, автоматты форматта топтарға түспек. Бір елдің өкілдері бір топта ойнамайды.
Топтық кезеңнің толық кестесі 30 тамыздан кешіктірілмей жарияланады. Сол кезде Алматыға қай еуропалық алпауыт келетіні де анықталады. Бұл - Қазақстан тарихында тұңғыш рет өтетін Чемпиондар Лигасының матчы болмақ.
Еске сала кетсек, «Қайрат» плей-оффта Шотландияның «Селтигін» пенальти сериясында (3:2) жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алған еді. Енді қарсыластар қатарында «Реал Мадрид», «Бавария», «Манчестер Сити» немесе «Барселона» сынды футбол алыптары болуы ықтимал.