Фото. «Барселона» жұлдызы Ламин Ямаль ергежейлімен қарым-қатынаста
Футболдағы Испанияны Ламин Ямальдың голы мен дриблингі ғана емес, оның жеке өмірі де қызу талқылатып жатыр. 18 жастағы «Барселона» вундеркинді танымал аргентиналық рэп-орындаушы Ники Никольмен қарым-қатынас бастағаны туралы хабар медиадағы ең көп талқыланған жаңалықтардың біріне айналды.
Жанкүйерлердің ерекше назарын аудараған жайт – Ники Никольдің бойы. Оның бойы бар болғаны 145 сантиметр. Тіпті бойының аласа деп жиі сыналатын Мессидің жанында да Ники тым кішкентай көрінеді. Айта кетейік, ресми түрде бойы 147 сантиметрден төмен адамдарға «ергежейлі» диагнозы қойылады. Дегенмен, бұл Ямаль үшін ешқандай кедергі болмаған сыңайлы.

Испандық журналистердің дерегінше, олардың таныстығы Ламиннің туған күнінде басталған. Әуелде әңгімелері өрбімегенімен, уақыт өте келе екеуі бір-бірін түсінісе бастаған. Содан бері қарым-қатынасы шапшаң дамып, шілде айында жұпты жағажайдағы кеште бірге байқаған жанкүйерлер әлеуметтік желіні шулатқан.
Айта кетейік, жақында Ники Николь «Барселона» мен «Комо» арасындағы Жоан Гампер кубогындағы матчқа арнайы келді. Оның трибунадағы көрінісі жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырды.
