ФОТО. «Барселона» ойыншылары көптен күткен Кубок Кубогымен бірге


Сәуірдің 26-нан 27-сіне қараған түні «Барселона» мен мадридтік «Реал» (3:2) арасындағы Испания Кубогының финалдық ойыны өтті.
Керемет финалдың нәтижесі екінші овертаймның ең соңында ғана шешілді. Жюль Кунде қарсыластың жарты алаңында допты ұстап алып, соққыны өзі орындады. Француз өз командасын 32-ші титулға жеткізді. Соңғы рет каталондықтар кубокты 2020/2021 маусымында жеңіп алған болатын.
Марапаттау рәсіміне Испания Королі Филипп VI , Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте, финалға өткен клубтардың президенттері және басқа да мәртебелі қонақтар қатысты.
Жарақат алған команда капитаны Марк-Андре тер Штеген Рональд Араухомен бірге көптен күткен жүлдені көтерді.
Марапаттау рәсімінен фотогалерея:






Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59