locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Анчелотти Испания Кубогы финалындағы жеңілістен кейін болашағы туралы ойланды

Футбол 26 сәу 2025 23:45
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Анчелотти Испания Кубогы финалындағы жеңілістен кейін болашағы туралы ойланды
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реал» клубының бас бапкері Карло Анчелотти Испания Кубогы финалында «Барселонадан» жеңілгеннен кейін өзінің болашағы туралы ойларымен бөлісті.

Шешуші кездесу Севильядағы «Олимпико де Севилья – Ла Картуха» стадионында өтіп, қосымша уақытта каталондықтардың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

- «Бұл тек бүгінгі күннің мәселесі емес, алдағы апталардың да сұрағы», - деп келтіреді Анчелоттидің сөзін Managing Madrid басылымы.

Еске салайық, бұған дейін БАҚ-та Анчелотти маусым соңында «Реалдан» кетуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Оның болашақтағы мүмкін бағыттарының бірі ретінде Бразилия ұлттық құрамасын баптау аталып жүр.

Сондай-ақ, биылғы маусымда «Реал» «Барселонамен» үш рет кездесіп, барлық матчта жеңіліп қалғанын және жалпы есепте 4:12 нәтижесін көрсеткенін айта кеткен жөн.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie