Фото. Аморимнің «магниттік тактикасы» жанкүйерлерді күлдірді
Бапкер матч үстінде команданы магниттермен «құтқарды»
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Кубок ойынында командасы Лига 2 өкілінен ұятқа қалып жатқан сәтте Рубен Аморим өзінше «тактикалық қадам» жасады. Португалиялық маман планшетін алып, магниттік фишкаларды ары-бері жылжытып, дәл солар гол соғып беретіндей кейіп танытты.
Бұл көрініс жанкүйерлерді бір мезетте күйзелтіп те, күлдіріп те жіберді. Әлеуметтік желілерде кадр найзағайдай тарап, «Аморимнің тактикалық шедеврі» күннің басты меміне атанды.
Дегенмен, қызығы сол - «қиялдағы комбинациялар» белгілі бір деңгейде іске асты ма, кім білсін: 75-минутта Мбемо есепті қысқартты.
