locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Флик Ямальдың алдағы матчқа дайын екенін айтты

Каталондық клубтың жұлдызы сенбі күні алаңға шығуға дайын болады
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Флик Ямальдың алдағы матчқа дайын екенін айтты
ФОТО: Getty Images

«Барселона» командасының бас бапкері Ханси Флик Ламин Ямальдың Бильбаолық «Атлетикке» қарсы алдағы матчқа қатысуға дайындығы туралы айтты.

«Ойымша, Ламин Ямаль ертеңгі күнге де, матчқа да толық дайын. Ол жаттығуларда тамаша жұмыс істеді, мен бұған ризамын. Екі апта бойы ойындарға қатыспай демалғаны оның пайдасына тиді деп ойлаймын», — деп келтіреді Фликтың сөзін Фабрицио Романо.

Ямальдың «Барселонамен» келісімшарты 2031 жылдың жазына дейін жарамды. Биылғы маусымда испан вингері 11 матчқа қатысып, 6 гол мен 6 нәтижелі пас авторы атанды.

Вингер қараша айында Испания құрамасының ойындарын шап аймағындағы жарақатына байланысты өткізіп жіберді.

Бұған дейін Ханси Флик Лионель Мессидің «Барселонаға» қайта оралуы мүмкіндігі туралы пікір білдірген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie