locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Флик «Барселонаға» Хорватия аңызын шақырғысы келеді

Каталон клубы ПСВ шабуылшысымен келісімге келуі мүмкін
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Флик «Барселонаға» Хорватия аңызын шақырғысы келеді
ФОТО: Getty Images

«Барселона» ПСВ клубының 36 жастағы жартылай қорғаушысы Иван Перишичті өз қатарына қосқысы келеді, деп хабарлайды Bild.

Каталониялық клубтың жаңа бас бапкері Ханс-Дитер Флик хорват футболшысымен «Баварияда» бірге жұмыс істеген. Енді ол Перишичті Ламин Ямальдің орнын басатын тәжірибелі ойыншы ретінде көргісі келеді. Ақпарат көздерінің жазуынша, Флик хорватты өткен жылы-ақ «Барсаға» шақырған.

2024/25 маусымында Перишич клубтық деңгейде 39 матч өткізіп, 16 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді. Ол ПСВ-ға 2024 жылдың қыркүйегінде ауысқан. Қазіргі келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

«Сантос» клубы Неймардың коронавирус жұқтырғанын растады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie