FIFA The Best 2025 марапаттарының иегерлері. Жылдың үздік ойыншысы кім атанды?
ФИФА өткен маусымның үздіктерін марапаттады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
16 желтоқсанда Катар астанасы Дохада FIFA The Best 2025 марапаттарына арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл кеште жылдың үздік жаттықтырушысы мен футболшысы анықталып, барлық номинация жеңімпаздары жарияланды.
- Ерлер арасындағы Ференц Пушкаш атындағы үздік гол сыйлығы: Сантьяго Монтиель («Индепендьенте»)
- Әйелдер арасындағы Марта атындағы үздік гол сыйлығы: Лисбет Овалле («Тигрес»)
- Жанкүйерлер сыйлығы: «Закхо» (Ирак) – ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек ұйымдастырғаны үшін
- FIFA Fair Play марапаты: Андреас Харласс-Неукинг («Ян Регенсбург» дәрігері) – матч кезінде жанкүйердің өмірін сақтап қалғаны үшін
- Ерлер арасында жылдың қақпашысы: Джанлуиджи Доннарумма (ПСЖ)
- Әйелдер арасында жылдың қақпашысы: Ханна Хэмптон («Челси»)
- Ерлер арасында жылдың жаттықтырушысы: Луис Энрике (ПСЖ)
- Әйелдер арасында жылдың жаттықтырушысы: Сарина Вигман (Англия ұлттық құрамасы)
- Жылдың ерлер құрамасы: Джанлуиджи Доннарумма — Ашраф Хакими, Вильян Пачо, Вирджил ван Дейк, Нуну Мендеш, Коул Палмер, Витинья, Педри, Джуд Беллингем, Усман Дембеле, Ламин Ямаль
- Жылдың әйелдер құрамасы: Ханна Хэмптон — Люси Бронз, Лиа Уильямсон, Ирене Паредес, Она Батль, Айтана Бонмати, Патрисия Гихарро, Клаудия Пина, Алексия Путельяс, Алессия Руссо, Мариона Кальдентей
- Ерлер арасында жылдың үздік ойыншысы: Усман Дембеле (ПСЖ)
- Әйелдер арасында жылдың үздік ойыншысы: Айтана Бонмати («Барселона»)